
Құрметті жерлестер!
Қадірменді аудан тұрғындары!
Сіздерді мемлекетіміздегі мәртебесі биік, маңызы айрықша бүгінгі Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Ата - бабаларымыздың аңызы ақиқатқа, арманы шындыққа айналған бұл күн әрбір азамат үшін қасиетті де қастерлі саналады. Бұл күні біз азаттықтың арайлы ақ таңың сыйлаған аға - апалардың рухына тағзым жасап, құран бағыштаймыз. Еңселі ерлеріміз бен қайраткер қыздарымыздың ерен істері, елі мен жерін сүйген перзенттік махаббатары мәңгі ел жүрегінде.
Жыл өткен сайын тәу етер Тәуелсіздігіміздің тұғыры биіктеп, тарихи тұлғаларымыздың бітім болмысы айшықтала берсін. Баршаңыздың дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға шаттық, ел игілігі жолындағы еңбектеріңізге көл - көсір табыс тілеймін!
Ауданымыздың әлеуеті артып, өңіріміз өркендеп, еліміз гүлдене берсін!
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров