
Бүгін ауданның дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы болып, Нықаш Дидар Аманжолұлы тағайындалды.
Нықаш Дидар Аманжолұлы – 1999 жылы Шет ауданында дүниеге келген. Білімі – жоғары.
Алғашқы еңбек жолын 2023 жылы Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасынан бастаған.
2023 жылы Саран қаласының ішкі саясат бөлімінің заңгер қызметін атқарған.
2023 - 2024 жылдар аралығында Саран қаласы Жастар ресурстық орталығының директоры.
2024 жылдан бүгінгі күнге дейін Саран қаласындағы «Сұңқар» стадионының директоры лауазымын атқарып келді.