«SENIM 109» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ!

«SENIM 109» ҚЫЗМЕТІ ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ!

Осыдан аздаған ғана уақыт бұрын Қарағанды қаласында «Сенім 109» қызметі іске қосылған болатын. Мақсат- қоғамдық қызмет пен халықты ақпараттандырудың сапасын жоғарылату. Нақтырақ айтсақ, билік пен бұқараның арасында кері байланыс орнатуға ықпал көрсету. Аталмыш қызмет бүгінгі күні оң нәтижесін беріп, Қарағанды облысына қарасты Теміртау, Шахтинск, Саран, Абай, Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау, Бұқар-Жырау, Қарқаралы аудандарында жұмысын бастап та кеткен. Масштабтаудың келесі кезеңінде Шет ауданы жоспарланған екен.
Осыған орай, ағымдағы жылдың 19-20 қазан аралығында облыстық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының жанындағы «Бірыңғай үйлестіру орталығы» КММ-нің ( «Senim 109») директор орынбасары Қожабеков Аңсар Қабайұлы және орталық аналитигі Жақыпбекова Айжан Мұратқызы ауданымызда болып, аудан әкімдігінде мекеме және кәсіпорын басшыларына «Senim 109» қызметінің жұмысы туралы түсіндірме жүргізді. Екі күнге созылған жиналыс аяқталып, аталмыш қызмет аясында нақты жұмыс жүргізетін мамандармен кестеге сәйкес тиісті сайтпен (порталмен) жұмыс істеуге практикалық оқу өткізілді.