
Шет ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп қызметкерлері күніне» арналған салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға аудан әкімі М.Мұхтаров және Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Б.М. Токмурзин қатысып, сала қызметкерлері мен ардагерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Мерекелік жиын барысында ауыл шаруашылығы саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, өңірдің дамуына үлес қосқан мамандар Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің Құрмет грамотасымен, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен, Аудан әкімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хатымен, сондай-ақ Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.
Салтанатты шараның шырайын кіргізген аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары арнайы дайындаған концерттік бағдарламасымен қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.