
«Алмалы» кен орнына жұмыс сапары ұйымдастырылды.
Сапар аясында Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров, аудан прокуроры Б.Абдулахат және «SARY-ARKA COPPER PROCESSING» ЖШС басқарушы директоры И.А. Григорьев кәсіпорынның өндірістік үдерісімен және қызметкерлердің жұмыс жағдайымен танысты.
Аталған шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды – «Жұмысшы мамандығы жылы» деп жариялауына орайластырылып өткізілді. Бұл бастама еліміздегі жұмысшы кәсібінің мәртебесін көтеруге, өндірістік салада еңбек ететін азаматтардың еңбегін бағалауға және олардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған.
Кездесу барысында кәсіпорынның бүгінгі тыныс-тіршілігі, даму перспективалары мен өндірістік әлеуеті сөз болды. Сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі, жұмысшыларға жасалып отырған әлеуметтік қолдау, кәсіби біліктілікті арттыру бағытындағы шаралар талқыланды.
Жиын соңында еңбек ұжымымен еркін форматта пікір алмасу өткізіліп, қызметкерлер тарапынан көтерілген ұсыныстар мен сұрақтарға жауап берілді.