
Шет ауданы мәдениет үйінде Қарағанды облысы әкімдігі мен AMANAT партиясының қолдауымен «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауының аудандық кезеңі өтті. Оқушылар жырау Тастыбай Жағыпарұлы нұсқасындағы «Бөгенбай батыр» жырын жатқа айтып бақ сынады.
👩⚖️ Қазылар алқасы:
Дәурен Сейітжанұлы (жоба жетекшісі),
Мұхамедғали Әбдуов (профессор, филология ғ.д.),
Гүлшара Ахметова (Мәдениет саласының үздігі),
Ертай Жәнібеков,
Сағынай Қабылқаева.
🏆 Жеңімпаздар:
1 орын – Раяна Әмірханова (Ә.Ермеков мектебі), ұстазы Толғанай Ерменбетова
2 орын – Жанерке Өмірғалиева (Ю.Гагарин мектеп-лицейі), ұстазы Жұлдыз Шопанова
3 орын – Әділет Әмірхан (Абай мектебі), ұстазы Жаңагүл Омарова
📅 Облыстық кезең – 10 желтоқсан.
💰 Бас жүлде – 1 000 000 тг + Қарағанды ЖОО гранты.
🚗 I орын мұғаліміне – жеңіл автокөлік.
Биыл облыс бойынша 4200 оқушы және 1000-нан астам мұғалім қатысып отыр.
Шет ауданынан суырылып шыққан үздіктерді құттықтаймыз! ✨