ТӨМЕНГІ ҚАЙРАҚТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ТӨМЕНГІ ҚАЙРАҚТЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін 2025 жылдың 2 қарашасында өткен сайлау қорытындысы бойынша ауданға қарасты Төменгі Қайрақты ауылдық округінің әкімі көпшілікке таныстырылды. Алдымен аудан әкімінің міндетін атқарушы Д.Кәрсембаев жаңа әкімді сайлануымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, сенім білдірді. Осыдан кейін аумақтық сайлау
комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сайлау қорытындылары туралы айта келіп, ауылдық округ әкімі болып сайланған М.Айқынбаевқа әкім куәлігін табыстады.

Айкынбаев Мәди Айдарұлы - 1990 жылы 15 ақпанда Қарағанды облысы, Шет ауданы, Ақадыр кентінде дүниеге келген. Білімі - жоғары. 2008 -2012 жылдар аралығында Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ-дің экономика факультетінде ‘Тұрмыстық қызмет көрсету және сервис’ мамандығын тәмәмдаған. 2014-2016 жылдар аралығында Қарағанды «Болашақ» университетін ‘Құқықтану’ мамандығына бітірген. 2013 жылы Қарағанды қаласында «Квартирное бюро Караганда» ЖШС-нің тұрғын үй саласы бойынша маманы, 2014 - 2020 жылдар аралығында ‘Шет ауданы, Киікті ауылдық округі әкімі аппараты’ ММ- де бас маман, 2020 жылдан бүгінгі күнге дейін, Ақадыр кенті әкімінің орынбасары болып қызмет атқарып келді.