КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Аудан әкімінің м.а. Д.Карсембаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өткізілді.
Кеңейтілген отырыстың күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

1.Ауылдық округтер мен кенттерде мемлекеттік бағдарламалардан тыс іске асырылып жатқан шағын инвестициялық жобалардың орындалысы туралы;
🔹Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы ауыл, кент әкімдері тарапынан ақпарат ұсынылып, жобалардың нақты орындалу мерзімдері мен тиімділігі талқыланды.

2. Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау шаралары туралы;
🔹Мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету, олардың өмір сүру сапасын арттыру, әлеуметтік инфрақұрылым нысандарына қолжетімділігін жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама тыңдалды.