
Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру, медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ауылдық денсаулық сақтау саласын жаңғырту жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Осы бағыттағы жұмыстардың нәтижесінде Республика күні қарсаңында Кеншоқы ауылында жаңа фельдшерлік-акушерлік пункт ашылып, халық игілігіне берілді.
Заманауи үлгіде бой көтерген бұл нысан қажетті медициналық құрал-жабдықтармен толық жабдықталып, алғашқы медициналық-санитарлық көмекті сапалы түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Мұнда ересектер мен балаларды қабылдауға арналған арнайы кабинеттермен қатар, вакцинациялау, алғашқы көмек көрсету бөлмелері де қарастырылған.
Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың еркін кіріп-шығуына толық жағдай жасалған.
Ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Д. Қарсембаев, «Шет ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК директоры А. Аманжолов ауылдың ақ жаулықты әжесі құттықтау сөз сөйлеп, медицина қызметкерлеріне сәттілік тіледі.
Аталған медициналық мекеменің ашылуы ауыл тұрғындарына сапалы медициналық қызметті уақытылы алуына мүмкіндік беріп, денсаулық сақтау саласының қолжетімділігін арттыруға оң ықпалын тигізеді деп күтілуде.