
Мемлекет басшысының экологиялық мәдениетті арттыру жөніндегі бастамаларын қолдау және елді мекендерді абаттандыру мақсатында «Таза Қазақстан» акциясы аясында Кеншоқы ауылында жаңа саябақ ашылып, пайдалануға берілді.
Саябақтың аумағында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізіліп, арнайы орындар тегістеліп, көгал төселді.
Айналасына шырша көшеттері отырғызылып, демалыс аймағы толық жарықтандырылды. Саябақ заманауи талаптарға сай жабдықталған. Қосымша көгалдандыру және инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы демалуына қажетті барлық жағдай қарастырылған.
Аталған игілікті іске ауыл тұрғыны М. Мақсат демеушілік танытып, шырша көшеттерін әкеліп, қолдау көрсетті.
Жаңа демалыс орны — ауыл тұрғындарының тынығып, серуендейтін жайлы мекеніне айналатыны сөзсіз.