
25 қазан – халқымыздың тарихындағы ерекше күн. Бұл күн – еліміздің еңселі егемендігі жарияланып, тәуелсіздікке бастау болған маңызды зор мереке. Себебі 1990 жылдың 25 қазанында “Ел егемендігі туралы декларация” қабылданған болатын.
Осыған орай кеше Шет аудандық мәдениет үйінде Республика күніне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара барысында аудан әкімі М.Мұхтаров жұртшылықты мерекемен құттықтап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарға аудан әкімінің Құрмет грамоталарын және аудандық мәслихат төрағасы С.Социал Алғыс хаттарды табыстады. Сонымен қатар, өз кәсібін ашуға ниетті жас кәсіпкерлерге аудан әкімінің қайтарымсыз грант сертификаттары берілді.
Мерекелік жиын қатысушыларына аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылып, көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, отансүйгіштік рухты арттырды.
Барша аудан тұрғындарын Республика күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еліміз аман, тәуелсіздігіміз мәңгі болсын! 🇰🇿