
2025 жылдың 18 қазан күні еліміз бойынша өткен “Таза Қазақстан” республикалық экоакциясы аясында Жаман-Сарысу өзені бойына 1200 түп қарағаш егілді! 💚
Астанадан арнайы келген ұйымдастырушылар таңғы 05:30-да жолға шығып, Қарағанды арқылы 11:30-да Ақадырға жетіп, тал отырғызу жұмыстарын бастады. Бұл — кентімізді көгалдандыруға және экологиялық ахуалды жақсартуға үлкен үлес қосқан игі іс болды 🌱
Тал егуге арналған жерді алдын ала дайындауда техникамен көмек көрсеткен Ақадыр белгі беру және байланыс дистанциясы (ШЧ-21) мекемесінің басшысы Қ.Мертайға үлкен алғыс! 🙏
Акцияға теміржол саласының қызметкерлері, білім беру мекемелері, жастар мен ақсақалдар белсенді түрде қатысты 🤝
Шара барысында кент әкімдігі екі киіз үй тігіп, барлық қатысушыларға дәм ұсынып, шынайы қазақы қонақжайлылық танытты ☕🍲
Астана және Қарағандыдан келген еріктілерді бастап келген “Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы” филиалының төрағасы Омаров Талғат Табысбайұлына кент тұрғындары атынан Алғыс хат табысталды 🏅
Бұл шара — табиғатқа қамқорлық пен келер ұрпақ алдындағы жауапкершіліктің жарқын үлгісі 🌏💫
#ТазаҚазақстан #Ақадыр #Экоакция #ЖасылЕл #Қарағаш #Экология #ТабиғатқаҚамқорлық #ҚазақЕлі