Биыл ауданымызда тұрғын үйлердің аулаларын абаттандыру жұмыстары жандануда.
Қазіргі таңда Ақсу-Аюлы ауылы Кұмжон көшесіндегі таунхаустар ауласында құрылыс – монтаж жұмыстары жүргізілуде.
Жоба бойынша аулаға тротуар салу, автотұрақ және жасыл-желек отырғызылады сондай ақ, балалар ойын алаңдарын және тұрғындар үшін тынығу аллеясын орналастыру және де стрит воркауттар қою жұмыстары атқарылатын болады.
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров осы құрылыс барысын өз көзімен көріп, сапасын жіті қадағалады. Тиісті мамандарға жұмыстардың сапалы әрі мерзімінде орындалуы жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Абаттандыру шаралары тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартып, қолайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған.