Аудан әкімі М.Мұхтаров «ДЭУ-77» мекемесінің техникалық базасын аралап, арнайы техникалардың қысқа дайындығын пысықтады.
Тексеру барысында қыс мезгілінде аудан бойынша республикалық және облыстық маңызы бар жолдарға қызмет көрсететін жол техникаларының жай-күйі мен инертті материалдардың (тұз, құм) сапасын тексерді.
Бүгінде мекемеде қысқы маусымдағы ауқымды жұмыстарға жұмылдырылатын 21 арнайы техника дайын тұр. Сонымен қатар, мекеме базасына 760 тонна құм-тұз аралас қоспа жинақталған.
Қысқа дайындық барысын тыңдаған аудан әкімі қыс мезгілінде инертті материалдар қорының жеткілікті болуын және техникалардың үнемі дайындықта тұруын жүктеді. Қыс мезгілінде метеорологиялық құбылыстарға дайын болуды, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою бағытындағы жұмыстарды күшейтуді міндеттеді.
Айта кетейік, «ДЭУ-77» мекемесіне жаңа ғимарат салынуда, ағымдағы жылдың соңына дейін жаңа нысан пайдалануға беруге жоспарлануда.