Бүгін мектебіміздің ұстаздары республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында жаңа мектеп ауласына тал көшеттерін отырғызды. Акцияның негізгі мақсаты – қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау және жасыл аймақтарды көбейту арқылы экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Іс-шара барысында ұстаздар ұжымының белсенділігі мен ұйымшылдығы ерекше байқалды. Жаңа отырғызылған көшеттер болашақта мектеп ауласын көгалдандырып, оқушылар мен ұстаздарға жайлы орта қалыптастыруға ықпал етпек. Осындай игі бастамалар арқылы ұжымымыз “Таза табиғат – таза болашақ” қағидатын ұстанып, еліміздің экологиялық дамуына өз үлестерін қосуда.