📌Аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
📋Күн тәртібінде:
🔸Аудан аумағында ветеринариялық профилактикалық іс-шаралардың жүргізілу барысы.
Бұл бағытта аудан көлемінде мал ауруларының алдын алу, егу жұмыстары, диагностикалық тексерулер және ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде ақпарат берілді.
🔸Аудан елді мекендеріндегі құрылыс жұмыстарының жай-күйі.
Аталған мәселе бойынша 2025 жылдың ІІ жартыжылдығындағы инфрақұрылымдық жобалардың орындалу деңгейі, әлеуметтік нысандар құрылысының қарқыны, тұрғын үймен қамту жұмыстары туралы мәліметтер қаралды.
⚜️Отырыс соңында аудан әкімі күн тәртібіндегі мәселелер бойынша нақты тапсырмалар жүктеп, олардың орындалуын қатаң бақылауға алатынын атап өтті.