“Кітап оқитын ұлт” жобасы бойынша кездесу өтті

“Кітап оқитын ұлт” жобасы бойынша кездесу өтті

Биыл елімізде республикалық “Кітап оқитын ұлт” жобасы басталды.
Жобаны жан-жақты таныстыру және түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында Шет ауданына Қарағанды облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Ресурстық тіл орталығының бөлім меңгерушісі, Педагогика ғылымдарының магистрі, Кітап оқитын ұлт” жобасының менеджері Жұпар Жақан Рысқұлқызы арнайы келіп кездесу өткізді.

Кездесуге бөлім басшылары, мемлекеттік қызметшілер, полиция қызметкерлері, мектеп директорлары мен орынбасарлары, ұстаздар қауымы, кітапханашылар қатысты.

Кездесуді аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асхат Ахметов жүргізіп, жобаға жауапкершілік танытып, бір адамдай қолдау көрсетіп, қатысуға шақырды.

“Кітап оқитын ұлт” жобасының SMM администраторы Ақсәуле Сейілхан жобаға тіркелу жолдарын көрсетіп, шарттарымен таныстырды.

Қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, қоғамда оқу мәдениетін насихаттау жөнінде бірқатар ұсыныстар айтты.

#кітапоқитынұлт
@shetaudany @til_qaragandy @zhakanovazhupar