Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылап, оларды орындау жолдарын пысықтау мақсатында кеңейтілген кеңес өткізді.
►Жиынға құқық қорғау, төтенше жағдайлар қызметінің өкілдері және мемлекеттік органдардың басшылары, мәслихат депутаттары,ауылдық округтер мен кенттер әкімдері,Қоғамдық және Ақсақалдар кеңесінің мүшелері қатысты.
📌Күн тәртібінде:
🔹 Шет ауданының әлеуметтік-экономикалық дамытудың басымдықтары;
🔹Шет ауданының агроөнеркәсіп кешенін дамыту;
🔹Шет ауданының коммуналдық және көлік инфрақұрылымын кешенді жаңғырту;
🔹Шет ауданының кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласын дамыту;
🔹Заң және тәртіп қағидасы.
Жиынға қатысушылар өз салалары бойынша пікір білдіре отырып, Жолдауда айқындалған міндеттерді орындау бойынша талқылау жүргізді.
Кеңейтілген жиында Жолдаудың негізгі бағыттары талқыланып қана қоймай, оны орындаудың нақты тетіктері айқындалды.