КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕҢЕЙТІЛГЕН АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Кеше аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Кезекті аппарат отырысында күн тәртібіндегі:
✅ Аудан бойынша 2025-2026 жылғы қысқы жылу беру маусымына дайындық шаралары;
✅ Халықты коммуналдық-тұрмыстық көмірмен қамтамасыз ету туралы және ағымдағы жағдай мәселелері қаралып, сала бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды.
2025–2026 жылғы жылыту маусымына дайындық шеңберінде тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың жылу жүйелерін тексеру және жөндеу жұмыстары жоспарға сәйкес атқарылуда. Соған байланысты, аудан әкімі білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік және мәдениет, спорт салаларындағы нысандардың жылыту жүйелері түгелдей тексеріліп, жөндеу жұмыстары уақытылы аяқталуы керектігін атап өтті. Сонымен қатар, жауапты сала басшыларына дайындық жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып, барлық әлеуметтік нысандардың жылу беру маусымына толық әзір болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Коммуналдық-тұрмыстық көмір бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар талқыланып, бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері қаралды.