КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

КЕҢЕЙТІЛГЕН КЕЗЕКТІ АППАРАТ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Кезекті аппарат отырысында күн тәртібіндегі:
✅ Қысқы мал азығын дайындау және күзгі егін орағына дайындық барысы туралы;
✅ Қазақстан халқының тілдер күніне дайындық шаралары туралы және ағымдағы жағдай мәселелері қаралып, сала бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Аудан әкімі егілген егіс көлемі мен жағдайы, атқарылған жұмыстар мен ерте егілген ауыл шаруашылығы дақылдарын жинау бойынша жұмыстарға тоқталып, егін жинауға қатысатын ауыл шаруашылығы техникаларының дайындығы мен жанар-жағар маймен қамтамасыз етілуі туралы атап өтті. Сонымен қатар, мал азығын дайындауда шөп бағасы аудан тұрғындары үшін тұрақты тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді, елді мекендерде тілдер күніне орай мәдени шаралар ұйымдастырылуын қадағалауды, аудандық шаралар мен байқаулар туралы барлық елді мекендерге хабарламалар жасауды назарға алуды тапсырды. Жиын соңында сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді.