АТА ЗАҢ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

АТА ЗАҢ КҮНІ АТАП ӨТІЛДІ

ҚР Конституциясына 30 жыл толу қарсаңында мәдениет үйі алаңының ауқымды жөңдеуден кейінгі салтанатты түрде ашылу кеші өтті. Салтанатты кеште лента қию рәсімі аудан әкімі М.Мұхтаров, ардагерлер кеңесі төрағасы Ө.Қызылов және аналар кеңесі төрайымы Г.Ахметоваға табыс етілді. Аудан әкімі алаңға жиналған ауыл тұрғындары мен қонақтарды Конституция күнімен құттықтап, ауылшаруашылық саласының дамуына қосқан үлестері үшін – Батық ауылдық округінің шопаны Н.Қалқабайды ҚР министрлігінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен, ал Кеншоқы ауылдық округі «Құнанбай» шаруа қожалығының жұмыскері А.Бақберген ҚР Ауыл шаруышылығы министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапаттады. Сонымен қатар, ауданның қоғамдық-саяси, әлеуметтік -экономикалық дамуында қосқан елеулі еңбектері үшін бірқатар сала қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, аудан әкімінің «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хаттарымен» марапатталды. Кеш соңы ауданымыздағы мәдениет саласының өнерпаздары дайындаған мерекелік концертімен жалғасып, көрермендер назарына ұсынылды.