АРДАГЕРЛЕР МЕН АНАЛАР КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

АРДАГЕРЛЕР МЕН АНАЛАР КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ

Кеше ҚР Конституциясына 30 жыл толуына орай аудан әкімдігі мәжіліс залында аудан әкімі М.Мұхтаров төрағалығымен ауданның ардагерлер кеңесі мүшелерімен кездесу өтті. Кездесу барысында ауданның ардагерлер кеңесі төрағасы Ө.Қызылов және аналар кеңесі төрайымы Г.Ахметова, құрметті сала ардагері Б.Жумкин, орталық мешіт бас имамы Б.Маханбетчин сөз сөйлеп, ауданның әлеуметтік-экономикалық ахуалы, елді-мекендерді өркендету міндеттері жайында сөз қозғады.
Аудан басшысы кеңес мүшелері алдында баяндама жасап, аудан көлемінде жүзеге асқан ауқымды істерді, атқарылған жұмыстары, алға қойған жоспарлар мен әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап өтті.
Жиын соңында ардагерлер ұйымының жұмысына белсенді ат салысып жүрген бірқатар азаматқа «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хат» табыс етті.