АУДАН ӘКІМІ АРНАЙЫ ЖҰМЫС САПАРЫНДА

АУДАН ӘКІМІ АРНАЙЫ ЖҰМЫС САПАРЫНДА

Аудан әкімі М.Мұхтаров ауданға қарасты Сәкен Сейфуллин кенті, Көктіңкөлі станциясына(56 разъезд) және Әлихан, Батық елді мекендеріне барып қайтты
Сәкен Сейфуллин кентінде орналасқан, құрылысы аяқталуға жақын «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынып жатқан мектептің құрылыс барысын тексеріп, аудан әкімі құрылыс алаңында жұмыстарға қарқын қосуды тапсырды.
Аудан аумағындағы су құбыры желілерінің құрылыс жұмыстарымен танысу мақсатында Көктіңкөлі станциясы(56 разъезд) мен Әлихан ауылындағы атқарылған жұмыстардың сапасы мен көлемін тексерді. Аудан басшысы аталған жұмыстардың уақытылы әрі сапалы орындалуын қадағалау қажеттігін атап өтті.
Келесі кезекте аудан әкімі Батық ауылында салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылыс барысын көрді. Құрылысқа жауапты мердігермен тілдесіп, бірқатар міндеттер жүктеді.
Жұмыстардың сапалы және мерзімінде орындалуы үшін қосымша бақылау шаралары енгізіліп, жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктелді.