Жуырда Ақадыр кентінде “Sary Arka Cinema” кинотеатрының ашылу салтанаты өтті. Кенттің мәдениет үйінде орналасқан 214 орындық кинотеатрдың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Д.Карсембаев халыққа мәдени рухани демалыс сыйлауға қызмет ететін нысанның ашылуымен құттықтап, кинотеатр жұмысына сәттілік тілеп, кинотеатр ашылуына ықпал еткен “Sary Arka Cinema” кинотеатрының басшылығына, қолдау көрсектен азаматарға алғысын білдірді. Кинотеатр ғимаратында кино залынан бөлек тұрғындар үшін жеңіл тағамдар, түрлі сусындар сатылатын орын және күту залы бар.