Шет ауданының Мойынты кентінде– Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «БІРЛІКПЕН ГҮЛДЕНГЕН САРЫАРҚА» көрмесі ұйымдастырылды

Шет ауданының Мойынты кентінде– Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «БІРЛІКПЕН ГҮЛДЕНГЕН САРЫАРҚА» көрмесі ұйымдастырылды

🔹Шет ауданының Мойынты кентінде Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлікпен гүлденген Сарыарқа» атты көшпелі көрмесімен Қарағанды облысының ҚХА делегациясы келіп, ерекше кездесу өтті.

✅Іс-шара барысында Қарағанды облысының этномәдени бірлестіктерінің жетістіктері көрсетілген экспозиция ұсынылды, ол өңірдің дамуына әртүрлі ұлт өкілдерінің қосқан үлесін бейнелейді.

Іс-шараға  Игорь Васильевич Жабяк– Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, облыстық ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Қарағанды облыстық мәслихатының депутаты;
• Гүлнара Қалиқызы Касембаева– Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасына қарасты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры;
• Марина Васильевна Шиллер - Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі;
• Бауыржан Жанатұлы Жуканов– «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Барып қызмет көрсету бөлімінің бас маманы  қатысты.

🔸Қатысушылар ауыл жұртшылығымен кездесіп, шараның маңыздылығын атап өтті. Олар еліміздегі ұлтаралық келісім мен достықтың берік негізін насихаттап, бұл көрменің өңірдегі рухани бірлікті арттыратынын айтты.

⚜️Шараның мәдени бағдарламасын этномәдени бірлестіктердің шығармашылық ұжымдары мен жеке орындаушылары жалғастырды.
Көрме мен концерттік бағдарлама — Қазақстанда бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың мәдени әралуандығы мен бірлігінің жарқын символына айналды.

Іс-шара еліміздің бейбітшілігіне, келісімі мен одан әрі өркендеуіне арналған ізгі тілектермен аяқталды.