Шет ауданы Мойынты кентіндегі «BAPY MINING» ЖШС-де Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен кездесу өтті

Шет ауданы Мойынты кентіндегі «BAPY MINING» ЖШС-де Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерімен кездесу өтті

🔹2025 жылғы 13 тамызда Жұмысшы мамандықтар жылы мен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында Шет ауданы Мойынты кентіндегі «BAPY MINING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшыларымен кездесу ұйымдастырылды.

🔸Кездесуге Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының делегациясы қатысты:

• Игорь Васильевич Жабяк — Қарағанды облысы ҚХА төрағасының орынбасары, ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, облыстық мәслихат депутаты;
• Гүлнара Қалиқызы Касембаева — Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ директоры;
•Бауыржан Жанатұлы Жуканов– «Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамы Барып қызмет көрсету бөлімінің бас маманы.
•Марина Васильевна Шиллер- Қарағанды облысы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі.
Кездесу барысында делегация өкілдері Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі, этносаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты сақтау бағытындағы бастамалар туралы айтып, жұмысшылармен ашық диалог жүргізді.

▫️Іс-шара барысында өз ісіне адал, кәсіби шеберлігімен ерекшеленіп, жоғары еңбек нәтижелеріне қол жеткізген «BAPY MINING» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысшылары М.С.Сатпаев - автокөлік жүргізуші, В.П.Масленников - КДСО 5р.қызметінің слесарі , Л.В.Бакчеева - арнайы киім жөндеу және жуу машинисті марапатталды. Бұл марапат — олардың адал еңбегінің және кәсібіне деген шынайы құрметінің айғағы болмақ.

Шет ауданы әрқашан еңбекқор халқы және қоғамдағы татулық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесімен ерекшеленген. Бұл кездесу – бейбітшілік пен бірлікті дәріптейтін тағы бір жарқын мысал.