Ауданымызға Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы С.Сәпиев арнайы жұмыс сапармен келді

Ауданымызға Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы С.Сәпиев арнайы жұмыс сапармен келді

▫️Кеше ауданымызға Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы С.Сәпиев арнайы жұмыс сапармен келді.

▫️Басқарма басшысы алдымен С.Сейфуллин, Ақадыр кенттеріндегі спорт мектептерінің жұмысымен, техникалық базасымен танысты.

▫️Сонымен қатар, Ақсу-Аюлы ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқу-жаттығуларының өту барысын, жылыту маусымына дайындығымен танысып, жаңадан бой көтеріп жатқан жабық бассейнді спорт кешені мен Кеншоқы ауылындағы дене шынықтыру-сауықтыру кешені құрылысын көрді.

▫️Сондай-ақ, ауданымыздың
спортының әлеуетінің дамуында еңбек етіп жүрген спортшылармен кездесу өткізіп, бірқатар сала ардагерлеріне арнайы «Алғыс хат» табыс етті.

▫️Кездесу барысында аудан әкімі М.Мұхтаров ауданымыздағы спорттық инфрақұрылымды жетілдіру және жастарды спортқа тарту мәселерін талқылап, өлкемізде асырылып жатқан жобалар туралы атап өтті.