Шет ауданының халқымен әлеуметтік сауалнама өткізілді

Шет ауданының халқымен әлеуметтік сауалнама өткізілді

Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аясында Қарағанды облысындағы аудан қалаларда (6 қала, 7 аудан) тіл саясатына қатысты мәселелерді, жалпы тілдік ахуалды зерделеу, мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін, сондай-ақ үш тілді (қазақ, орыс, ағылшын) меңгерген халықтың үлесін айқындау мақсатында 2025 жылдың 12 тамызында Шет ауданының халқымен әлеуметтік сауалнама өткізілді. Сауалнамаға 18 жастан асқан 126 респондент қатысты.
Әлеуметтік сауалнамаға көлік және байланыс саласы, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік басқару органдары, денсаулық сақтау саласы, ғылым, мәдениет, білім салалары, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласы, банк және қаржы-сақтандыру саласы, сауда саласы, жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтушылар, үй шаруасындағылар, құқық қорғау органдары, оқытушы құрамы мен студенттер қатысты.