
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаров және аудандық мәслихат төрағасы С.Социал Ақсу-Аюлы ауылында салынып жатқан кәріздік тазарту қондырғысын аралап, құрылыс жұмыстарының барысын көрді. Кездесу барысында кәріздік тазарту қондырғысы мәселелері талқыланды.
Жауапты мердігер кәріз жүйесінің ағымдағы жағдайы туралы баяндап, проблемаларға тоқталды. Алдағы жұмыстармен таныстырып, қосымша жоспарлармен бөлісті.
Кәріздік тазарту қондырғысы құрылысының толық жай-күйімен танысқан аудан әкімі жауапты мамандарға сапа стандарттарына сәйкес жұмыс істеуді тапсырып, жұмыстарды уақытында аяқтап, қондырғыны белгіленген мерзімде тапсыру жүктелді.