ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

ОТБАСЫНЫҢ ЦИФРЛЫҚ КАРТАСЫ ЖӘНЕ БАЛАЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

Аудан әкімі М.Мұхтаров төрағалығымен «отбасының цифрлық картасы және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша» жиналыс өтті. Отбасының цифрлық картасы бойынша ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Ә.Құлсаров хабарлап өтті. Отбасының цифрлық картасы деректерін, өзектендіру мақсатында мүдделі органдардың өкілдерінен аудандық және ауылдық деңгейлерде жұмысшы топтың атқаралып жатқан жұмыстарын жеткізді. Отбасыларды картаға енгізу, олардың әлеуметтік әл-ауқатының деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Цифрлық картада отбасының экономикалық, әлеуметтік және тұрғын үй, денсаулық, білім жағдайы тізімделеді. Алдағы уақытта осы санаттағы отбасылардың санын азайту мақсатында ақпараттық жүйелерді өзектендіру тапсырмасы берілді.
Суға түсу маусымы кезіндегі қауіпсіздік шарасы барысында ауылдық округтер мен кент әкімдеріне су айдындарындағы шомылуға рұқсат етілген және тыйым салынған орындар тізімін нақтылап, ақпараттық белгілер орнатуды, жастар мен оқушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, судағы қауіпсіздік туралы брошюралар таратуды, рейдтік шаралар кестесін бекітіп, ауылдық және кенттік округ әкімдері аудандық полиция және білім бөлімімен бірлесіп осы кестеге сай рейдтер ұйымдастыруды күшейту жұмыстарын қатаң ескертті.
Жиналысты қорытындылаған аудан әкімі күн тәртібінде қаралған мәселелер бойынша өз деңгейінде орындамаған ауылдық округтер, кенттер мен тиісті бөлім басшыларын сынға алып, толық орындауды тапсырды.