МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

МЕДИЦИНАЛЫҚ НЫСАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Кеше ҚР Парламенті Сенатының депутаты С.Өтешов жұмыс сапары барысында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы ауылдық елдімекендердегі заманауи медициналық нысандарды көбейту арқылы ауыл тұрғындарының денсаулығын сақтау, медициналық қызмет көрсетудің сапасын арттыру мақсатында қолға алынған Нұраталды ауылдық округіне қарасты Ақсу ауылындағы халық қолданысына берілген 25 келушіге арналған медициналық пунктінің жұмысымен және де Кеншоқы ауылдық округі, Нұра ауылында салынып жатқан фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылыс жұмыстарымен танысты. Жұмыс сапарында аудан әкімі М.Мұхтаров, Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының басшысы С.Кенжібаев, Қарағанды облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының м.а С.Мұратұлы, Қарағанды облыстық мәслихат депутаты Қ.Оспанова, аудандық мәслихат төрағасы С.Социал және аудандық аурухана директоры А.Аманжоловпен кездесіп, медициналық нысандардың жағдайы талқыланды. Ақсу ауылының емдеу меке­месінің нау­­­қасты аудандық ауру­ханаға апар­­май-ақ жергілікті жерде алғашқы дәрігерлік-сани­тар­лық көмек көрсетуге арналған заманауи құрал-жабдықтарды көрді. Мұнан соң, Нұра ауылында бой көтеріп жатқан медициналық нысанның құрылысын аралап көрді. Жалпы ҚР Парламенті Сенатының депутаты екі нысанның да қызметіне көңілі толатынын жеткізіп, жұмысына табыс тіледі.