Аудан әкімінің М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Кезекті аппарат отырысында күн тәртібіндегі:
• Көктемгі дала жұмыстарының қорытындысы туралы;
• Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралуы
және ағымдағы жағдай мәселелері қаралып, сала бөлім басшылары хабарлама жасады. Аудан әкімі тапсырмалар аясында көктемгі дала жұмыстарының нәтижелерін сараптап, алдағы кезеңге қажетті ұйымдастыру шараларын қабылдау, азаматтардың өтініштерін қарау кезінде ашықтық пен жеделдік қағидаттарын сақтау, қайталанатын шағымдардың алдын алу және тұрғындармен кері байланысты нығайту жұмыстарын міндеттеді. Жиын қорытындысы бойынша сала басшылары мен ауылдық округттер, кенттер әкімдеріне жүзеге асырылуы бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.