2025 жылдың 22 маусымында өткен сайлау қорытындысы бойынша ауданға қарасты Кеншоқы ауылдық округінің әкімі көпшілікке таныстырылды. Алдымен аудан әкімі М.Мұхтаров жаңа әкімді сайлануымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, сенім білдірді. Осыдан кейін, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сайлау қорытындылары туралы айта келіп, ауылдық округ әкімі болып сайланған А.Күлейменовке округ әкімінің куәлігін табыстады.
Күлейменов Алмас Жолдыбекұлы – 1974 жылы 12 маусымда Қарағанды облысы Шет ауданы Кеншоқы ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1996 жылы - академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін география, 2003 жылы – Қарағанды “Болашак” маңызды білім беру институтын құқықтану мамандықтары бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 1996 -2007 жылдары Кеншоқы ауылындағы Нұра орта мектебінің гоеграфия пәнінің мұғалімі, оқу ісі орынбасары, 2008 – 2019 жылдары Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының жетекші маманы, сот приставы, бас маманы, 2019 - 2021 жылдары Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы «Қарағанды су қоймалары» КМК заңгері, инженер - топографы, 2021 жылдан бүгінгі қайта сайлануға дейін Кеншоқы ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келді.