АҚШАТАУ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

АҚШАТАУ КЕНТІНІҢ ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

2025 жылдың 22 маусымында өткен сайлау қорытындысы бойынша ауданға қарасты Ақшатау кентінің әкімі көпшілікке таныстырылды. Алдымен аудан әкімі М.Мұхтаров жаңа әкімді сайлануымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, сенім білдірді. Осыдан кейін, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сайлау нәтижелеріне тоқталып, кент әкімі болып сайланған А.Шонановаға кент әкімінің куәлігін табыстады.
Шонанова Айдын Қуанышқызы - 1969 жылыы 14 ақпанда Қарағанды облысы Шет ауданы Ақшатау кентінде дүниеге келген. Білімі – жоғары. 1993 жыл - Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін математик мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын Қарағанды қаласындағы К.Маркс атындағы орта мектебі жанындағы мектеп-инертатының тәрбиешісі болып бастап, 1999 - 2004 жылдары Халық депутаттары Ақшатау Селолық Советінде хатшы, кейіннен Ақшатау кенті әкімдігінің маманы, 2004 жылдан бастап бүгінгі сайлануға дейін Ақшатау кенті әкімі аппаратының бас маманы қызметін атқарып келді.