Аудан әкімі М.Мұхтаров аудандық мәслихат төрағасы С.Социалды 50 жас және аппарат жетекшісі Г.Ахметжанованы 60 жас мерейтойларымен құттықтады. Ауданды дамыту жұмыстарының ортасында жүрген ел азаматтарын мерейлі мерекелері қарсаңында еңбектеріне жеміс тілеп, естелік сыйлықтар табыстап, халқымыздың игі дәстүрі бойынша иықтарына шапан, камзол жапты. Құттықтау іс-шарасы барысында мерейтой иелерін аудан ардегерлері мен әріптестері құттықтап, жылы лебіздерін білдірді. Іс-шара соңында мерейтой иелері өздерінің ризашылығын жеткізіп,көрсетілген құрметке алғыстарын білдірді.