2025 жылдың 22 маусымында өткен сайлау қорытындысы бойынша ауданға қарасты Красная поляна ауылдық округінің әкімі көпшілікке таныстырылды. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев жаңа әкімді сайлануымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, сенім білдірді. Осыдан кейін, аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы М.Құрмашев сайлау қорытындылары туралы айта келіп, ауылдық округ әкімі болып сайланған Ж.Шайжановқа округ әкімінің куәлігін табыстады.
Шайжанов Жайдар Абдуллаұлы – 1992 жылы 23 шілдеде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2010 - 2014 жылдары Орталық Қазақстан Академиясын Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 2016 -2018 жылдары мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмәмдаған. 2015 – 2016 жылдары Жаңаарқа ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бөлімінің іс-қағаз жүргізуші-инспекторы, 2016 – 2019 жылдары Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімінің аппаратының бас маманы, 2019 -2021 Шет ауданы әкімі аппараты ұйымдастыру бөлімінің басшысы, 2021 жылдан бүгінгі сайлануға дейін Красная поляна ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келді.