БАТЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

БАТЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

2025 жылдың 22 маусымында өткен сайлау қорытындысы бойынша ауданға қарасты Батық ауылдық округінің әкімі көпшілікке таныстырылды. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Д.Кәрсембаев жаңа әкімді сайлануымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, сенім білдірді. Осыдан кейін, аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы М.Құрмашев сайлау қорытындылары туралы айта келіп, ауылдық округ әкімі болып сайланған Н.Әбілдаға округ әкімінің куәлігін табыстады.
Әбілда Нұрасыл Зарлықханұлы - 1979 жылы 3 шiлдеде Қарағанды облысы Шет ауданы Батық ауылында дүниеге келген. Білімі – жоғары. 2000 жыл - Е.А.Бөкетов атындағы мемлекеттік университетін бейнелеу өнері және сызу, 2008 жылы - ЖМ Қарағанды «Болашақ» университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмәмдаған. Алғашқы еңбек жолын 2000 – 2002 жылдары Батық орта мектебінде сызу, сурет пәнінің мұғалімі, 2002 -2010 жылдары Қарағанды облысының ішкі істер органдарының қатарында, 2013 -2021 жылдары Батық ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, 2021 жылдан бүгінгі сайлануға дейін Батық ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарып келді.