Медицина қызметкерлерінің күніне орай аудандық мәдениет үйінде мерекелік шара өтті.
Салтанатты шараның алғы сөзін сөйлеген аудан әкімінің м.а. Д.Карсембаев медицина саласының қызметкерлерін мерекелерімен құттықтап, бір топ сала қызметкерлеріне «құрмет грамоталары» мен Алғыс хаттар табыстады. Құрмет пен қошеметке көмкерілген сала ардагерлері мен мамандарына аудандық орталық ауруханасының директоры А.Аманжолов ізгі лебізін білдіріп, гүл шоқтарын таратты.
Ауданымыздағы мәдениет саласының өнерпаздары дайындаған мерекелік концерті көрермендер назарына ұсынылды.