Аудан әкімінің м.а. Д.Карсембаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Кезекті аппарат отырысында күн тәртібіндегі:
- Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қолдау туралы;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану және насихаттау бойынша мемлекеттік мекемелердің жұмысы туралы
және ағымдағы жағдай мәселелері қаралып, сала бөлім басшылары хабарлама жасады.
Жиын барысында мүгедектігі бар жандардың әлеуметтік қорғалуы, әлеуметтік қызметтер порталы, мүгедектерге қолжетімді орта құру жағдайы және осы төңіректе атқарылған басқа да жұмыстар жайында талқыланып, ұсыныстар берілді. Тиісті сала басшысына Мемлекеттік рәміздер мен геральдикалық белгілерді қолдану және насихаттау жөнінде ауданға қарасты мемлекеттік мекемелер мен ауылдық округтер, кенттер әкімдіктерінде тексеріс жүргізіп отыру міндеті жүктеліп, келтірілген кемшіліктерді түзеу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуді тапсырды.