2025 жылдың 13 маусым күні аудан әкімінің м.а. Д.Кәрсембаевтың төрағалығымен Мемлекеттік тіл саясатын жетілдіру жөніндегі комиссия отырысы өтті. Аталған жиынға ауыл, кент әкімдері мен комиссия мүшелері қатысты.
Шет ауданы аумағында «Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөнінде іс-шаралардың орындалысы туралы ауданның мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, білім саласында ҚР «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының орындалысы туралы аудандық білім бөлімі мен Шет агротехникалық колледжі, мемлекеттік тіл саясатын ақпараттық қолдау және мемлекеттік БАҚ-тағы қазақ тіліндегі контенттің үлесін арттыру жұмыстары туралы «Шет шұғыласы» газетінің редакциясы, ҚР «Тілдер туралы», «Жарнама» туралы Заңдарының және тіл саясатына қатысты басқа да нормативтік актілердің жүзеге асырылу барысы туралы Ақадыр кенті әкімінің аппараты, Талды ауылдық округі әкімінің аппараты баяндама жасап, жүргізілген жұмыстары туралы ақпарат берді.
Отырыс барысында мемлекеттік тіл мәртебесін көтеру бойынша баяндамышаларға сұрақ қойылып, тіл саясаты тұрғысында мәселелер көтерілді.
Комиссия отырысының соңында ауыл, кент әкімдеріне, тиісті бөлім мен мекеме басшыларына күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.