
Кеше аудан әкімінің м.а. Д.Карсембаевтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Кезекті аппарат отырысында күн тәртібіндегі:
- Жастар мәселелері бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы
және ағымдағы жағдай мәселелері қаралып, сала бөлім басшылары хабарлама жасады. Аудан әкімінің м.а. жастарды тұрақты жұмыспен қамту бағытында шаралар қабылдап, жастар ресурстық орталығының желісін дамыту және қызметін жетілдіру бойынша шаралар қабылдауды ұсынды. Жиын соңында кент және ауылдық округ әкімдеріне және тиісті бөлім, мекеме басшыларына күн тәртібіндегі мәселелерге сәйкес бірқатар тапсырмалар берді.