Мемлекеттік рәміздер мерекесі күніне орай салтанатты жиын өтті

Мемлекеттік рәміздер мерекесі күніне орай салтанатты жиын өтті

Бүгін Мемлекеттік рәміздер мерекесі күніне орай аудан орталығындағы Ы.Алтынсарин мектебінің алдында орналасқан тутұғыр алаңында салтанатты жиын өтті. Еліміздің көк туын көкке көтеру мәртебесі ауданымыздың жас чемпионы И.Алтаевқа берілді. Аталмыш жиынға аудандық мәслихат төрағасы С.Социал қатысып, жиналған жұртшылықты Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады. ҚР Мемлекеттік рәміздер күніне Әнұран орындалып, аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары патриоттық әндерден шашу шашты.