1 маусым Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппараты, Мәдениет-сауық орталығы және «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен іс-шара өтті

1 маусым Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппараты, Мәдениет-сауық орталығы және «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен іс-шара өтті

🖇️Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі аппараты, Мәдениет-сауық орталығы және «Шаңырақ» көп балалы отбасыларды қолдау орталығының ұйымдастыруымен өткен «Балалар күлкісі әлемнің шаттығы» атты іс-шара жоғары деңгейде өтті. Мереке Ақсу-Аюлы ауылдық округі әкімі Д. Смаиловтың құттықтау сөзімен ашылды.
Іс-шара барысында:
Жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен ойындарға белсене қатысқан балаларға 60 түрлі ойыншық таратылды. Түрлі аниматорлар балаларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
«Шаңырақ» орталығының ұйымдастыруымен және демеуші кәсіпкерлердің көмегімен 700 балаға балмұздақ үлестірілді.
Сахнаға шыққан өнер көрсеткен Көпбалалы отбасылардан шыққан өнерлі балаларға арнайы сыйлықтар табысталды.
Мерекелік іс-шара концертпен жалғасып, жас өнерпаздардың әндері мен билері көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Барлық қатысушыларға, демеушілерге және ұйымдастырушыларға алғысымызды білдіреміз! Бүлдіршіндеріміздің шаттығы – біздің қуанышымыз!