
Қадірлі достар! Қымбатты балалар!
Баршаңызды бүгінгі Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн әлем халқының көптеген жерінде атап өтілетін ортақ мереке Шынымен де дүниеде баладан бағалы, сәбидің күлкісінен қымбат қазына жоқ. Ал, олардың алаңсыз білім алып, бақытты балалық кезеңдерін өткізуге елімізде барлық жағдай жасалуда.
Тұғыры биік еліміздің ертеңі бүгінгісінен де кемел болуы рухы асқақ, өресі биік білімді де талантты ұрпақ қолында. Кішкентай да болса, үлкеннің назарын өзіне аударған балдырғандарымыздың риясыз күлкісіне бөлене берейік.
Жас өрендер мен балдырғандарды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтай отырып, болашақтарыз жарқын, аспандарыңыз ашық, елімізді өркендетер, келешектің кемеңгері болыңыздар демекпін.
Сіздерге мықты денсаулық, бейбіт өмір, бақытты балалық шақ тілеймін!
Ізгі тілекпен,
Шет ауданының әкімі М.Мұхтаров