«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

«ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

Аудан орталығында “Халық заңгері” атты азаматтарға құқықтық көмек көрсету акциясы өтті. Аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шараның мақсаты - халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтар мен заңды тұлғаларға білікті заң көмегін, құқықтық көмек көрсету.
Айтулы шараға аудандағы барлық мемлекеттік және бюджеттік мекемелерден, нотариустар, адвокаттар және жеке сот орындаушылары келіп, аудан тұрғындарының көкейкесті сұрақтарына жауап беріп, көмектерін ұсынды.
Акция аясында еңбек, азаматтық құқық, несие, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық, тұрғын үй, құрылыс, жұмыспен қамту, ауыл шаруашылығы салаларына қатысты өтініштерін айтып, оларға мамандар тарапынан жауаптары берілді. Сонымен қатар, құқықтық мәселелер бойынша маңызды кеңестер беріліп, жалпылай тегін құқықтық көмектер көрсетілді.