
Бүгін аудан әкімі М.Мұхтаровтың төрағалығымен кеңейтілген аппарат отырысы өтті.
Кезекті аппарат отырысында күн тәртібіндегі:
☑️ Агроөнеркәсіп кешеніндегі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылуы;
☑️ Халықты жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен қамтамасыз ету.
Ағымдағы жағдай бойынша:
☑️ 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу шарасының ұйымдастырылуы
☑️ Көктемгі дала жұмыстарының өту барысы
☑️ Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына;
☑️ БАҚ және әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстары мәселелері қаралып, сала бөлім басшыларының баяндамалары тыңдалды.
Аудан әкімі белгіленген жобалардың уақытылы іске асырылуын қамтамасыз етуді, 2025 жылға арналған бекітілген жұмысқа орналастыру жоспарларының сапалы орындалуын қамтамасыз етуді, электрондық еңбек биржасында орналастыра отырып, жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілермен белсенді өзара іс-қимыл жасауды тапсырды. Сонымен қатар сала бөлім басшылары мен ауыл, кент әкімдеріне бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді.