ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ ЖЕҢІС ТҰҒЫРЫНДА

Жуырда Норвегияның Драммен қаласында пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты өткен болатын. Әлемнің 14 елінен 1400-ден астам зілтемірші қатысқан байрақты бәсекеге еліміздің құрама командасынан жерлестеріміз Ақадыр кентінің тұрғындары, ардагер спортшы Дәрібай Оспанов пен Абдулкәрім Қараман қатысты. Ардагер спортшымыз Дәрібай Оспанов 70 жастан асқан ардагерлер арасында 93 келі салмақта күш сынасып классикалық түрінен қола, арнайы жатып сығымдап көтеруден алтын жүлдені олжалады, ал Абдулкәрім Қараман жарыстын классикалық түрінен 190 келі салмақтағы зілтемірді көтеріп, жеңіс тұғырынан көрінсе арнайы жатып сығымдаудан 245 кг салмақ зіл темірді бағындырып, жеке дара жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар, Тайванның Тайпей қаласында дзюдо шеберлері арасындағы алғашқы Дүниежүзілік ойындарында жерлесіміз, Ақжал кентінің тұрғыны, ардагер спортшы Болат Манабаев 82 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Келешекте де спортшыларымыз аудан намысын биікке көтереді деген сенімдеміз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке тілейміз! Спортта биік белестерді бағындыруларыңызға тілектестік білдіреміз! Елдің үміті мен тілегін арқалап, сенім үдесінен шыға білетін, ел мен жер абыройын қорғай білетін білекті де жүректі спортшыларымыздың қатары көбейіп, аудан спортының жетістіктері мен табыстары арта берсін!