Аудан әкімі М.Мұхтаров Ақсу - Аюлы ауылындағы Жамбыл Ақылбаев атындағы білім ордасында өткен соңғы қоңырау салтанатты шарасына арнайы қатысты

Аудан әкімі М.Мұхтаров Ақсу - Аюлы ауылындағы Жамбыл Ақылбаев атындағы білім ордасында өткен соңғы қоңырау салтанатты шарасына арнайы қатысты

Аудан әкімі М.Мұхтаров Ақсу - Аюлы ауылындағы Жамбыл Ақылбаев атындағы білім ордасында өткен соңғы қоңырау салтанатты шарасына арнайы қатысты. Білім беру саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздарға алғысын білдіріп, мектеп бітіруші түлектерге сәт-сапар тіледі. Мерекелік жиында мектеп бітіруші түлектер қоштасу әндерін шырқап, соңғы вальс билеп, көрермендердің көңілін толқытты. Осыдан кейін мектеп директоры Г.Мықышева биылғы оқу жылында ғылыми жарыстарға, спорттық шараларға, сондай-ақ, халықаралық конференцияларға қатысқан оқушыларға дипломдар мен Алғыс хаттар және бағалы естелік сыйлықтар табыс етті.
Айта кетейік, 2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша ауданымызда 23 мектептен 389 түлек 11-сыныпты аяқтап отыр. Оның ішінде 19 оқушы “Алтын белгі”, 53 оқушы “Үздік аттестатқа” үміткерлер бар.