ШЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

ШЕТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

2025 жылдың 18 мамырында өткен сайлау қорытындысы бойынша ауданға қарасты Шет ауылдық округінің әкімі көпшілікке таныстырылды. Алдымен аудан әкімі М.Мұхтаров жаңа әкімді сайлануымен құттықтап, алдағы жұмысына сәттілік тілеп, сенім білдірді. Осыдан кейін, аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Амангельдинов сайлау қорытындылары туралы айта келіп, ауылдық округ әкімі болып сайланған Н.Қалижановқа округ әкімінің куәлігін табыстады.

Қалижанов Нияз Амангелдіұлы -1965 жылы Шет ауданы Қармыс ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. Мамандығы - қаржы саласы.
Еңбек жолын 1983 жылы Шет совхозында әр саладағы жұмыскер болып бастап, 1983 - 1985 жылдары әскер қатарында, 1985 - 1988 Үңірек ауылы темір ұстасы, 1988 - 1991 Шет совхозының техник - механигі, 1994 -1995 ж. Шет совхозы Қармыс бөлімшесінің бөлім меңгерушісі, 1996 - 2011 жылдары “Қармыс” шаруа қожалығының жетекшісі, 2011 жылдан бері мемлекеттік қызметте. 15 жылға жуық Шет ауданының ауылшаруашылығы және ветеринария бөлімінде басшы, бас маманы сынды түрлі жауапты қызметтерді атқарып келді.