Құрметті Шет ауданы тұрғындары мен қонақтары Шет ауданы Төтенше жағдайлар бөлімі хабарлайды: ағымдағы жылдың 22-23 мамыр аралығында аудан аумағында болуы мүмкін табиғи өрттерді жою бойынша командалық-штабтық оқу -жаттығуы өткізіледі. Осыған байланысты, “Баршаның назарына!” Құлақтандыру жүйелерінің дайындығын тексеру жүргізіледі. Баршаңызды тыныштық сақтауларыңызды және үрейге бой алдырмауларыңызды сұраймыз!